Ресей бір жынысты отбасыға бала асырап алуға тыйым салмақ

Фотография - Ресей бір жынысты отбасыға бала асырап алуға тыйым салмақ

Ресей мемлекеттік думасы сейсенбіде шетелдік бір жынысты отбасыларына бала асырап алуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

276 0

Ресей мемлекеттік думасы сейсенбіде шетелдік бір жынысты отбасыларына бала асырап алуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

Жетім балаларды қорғау туралы заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасы бүгін кештете үшінші оқылымда қаралып, думаның мақұлдауынан өтеді деген болжам бар.

Жетім балаларды қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулер шетелдік бір жынысты отбасыларына ресейлік жетім балаларды асырап алуына тыйым салуды көздейді.

Өткен айда Ресейдің бала құқықтары жөніндегі комиссары Ресей мен Мәскеу арасындағы бала асырап алу туралы келісімді тоқтатуды ұсынған еді. Оның ұсынысына Францияның бір жынысты азаматтарды некеге тұруына рұқсат етуі себеп болған.

Президент Владимир Путин осыдан екі апта бұрын егер парламент бұл заң жобасына қолдау білдірсе, оған қол қоятынын ашық айтқан.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!