21 жастағы әйел 11 баланың анасы атанып үлгерді

Фотография - 21 жастағы әйел 11 баланың анасы атанып үлгерді

Палестиналық Наимнің жасы бар-жоғы 21-ге енді толса да ол 11 баланың анасы атанып үлгерді. Соңғы босанғанында бірден бес перзент сүйіп, әлем халқының назарын өзіне аударды

193 0

Палестиналық Наимнің жасы бар-жоғы 21-ге енді толса да ол 11 баланың анасы атанып үлгерді. Соңғы босанғанында бірден бес перзент сүйіп, әлем халқының назарын өзіне аударды.

Осылайша, осы уақытқа дейін алты баланың әкесі атанған 25 жастағы отағасы Раад пен оның жары Наимнің отбасы Рахф, Газл, Налм, Разан және Махмұд есімді егіздермен толықты.

Аяқ-қолын бауырына енді алған Наимнің өзі: «Бес рет аяғым ауырлады, есесіне Алла Тағала маған 11 баланы нәсіп етті», – деді бақыттан жүзі бал-бұл жанып.

Наимнің бар уақыты балаларын бағып-қағумен өтеді. 11 балаға әке атанған отағасының жалақысының жартысы несиесін төлеуге кетсе, қалған бөлігі балалардың күнделікті сүті мен жаялығынан артылмайды.

Ол Палестина президенті мен премьер-министрінен аз да болса материалдық көмек алып тұрады. Мұның өзі жыртығына жамау болып жарытпайтынын да жасырмайды.

Осыған байланысты, ол Палестина президентінен: «Маған ақша қажет емес. Балаларымның сүті мен жаялығын қамтамасыз етсеңіз сол жеткілікті» дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!