Әлемде босқын саны 45,2 миллионға көбейді

Фотография - Әлемде босқын саны 45,2 миллионға көбейді

Өткен жылы әлемде босқындар саны 45,2 миллионға көбейіп, соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі жариялаған "Әлемдік трендтер" деп аталатын жыл сайынғы есебінде айтылады

176 0


Өткен жылы әлемде босқындар саны 45,2 миллионға көбейіп, соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі жариялаған "Әлемдік трендтер" деп аталатын жыл сайынғы есебінде айтылады.

Есепте босқындардың көбеюіне Сирия, Мали және басқа да жерлердегі қақтығыстар себеп болып отырғаны айтылады. 2012 жылы бүкіл әлемде 7,6 миллион адам босып кетуге мәжбүр болған.

Агенттіктің есебіне қарағанда, өткен жылы Сирияның ішінде 4,25 миллион адам үй-күйсіз қалған, ал 1,6 миллион адам басқа елдерге босып кеткен.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш әлемдегі босқындардың 55 пайызы Ауғанстан, Сомали, Ирак, Судан және Сириядан шыққанын айтады. Ал әлемдегі әрбір төртінші босқын - ауғандық.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!