Әл-Азһар шейхы өзіне тарту етілген швейцариялық сағатты мемлекеттік қазынаға тапсырды

Фотография - Әл-Азһар шейхы өзіне тарту етілген швейцариялық сағатты мемлекеттік қазынаға тапсырды

Әл-Азһар шейхы Ахмет әт-Тайып өзіне тарту етілген швейцариялық «Рояль» сағатын Мысыр қаржы министрлігіне тапсырды

229 0

Әл-Азһар шейхы Ахмет әт-Тайып өзіне тарту етілген швейцариялық «Рояль» сағатын Мысыр қаржы министрлігіне тапсырды. Бұл жайында «әл-Арабия» хабар таратты.

Шейх бұл қадамын құны 100 доллардан асатын тарту-таралғыларды ел қазынасына өткізу туралы үкімет мүшелеріне қатысты өкімді орындағандықтан бардым деп түсіндірді. Ол аталмыш жарлықтың дін қайраткерлеріне қатысы болмаса да өзгелерге үлгі көрсету мақсатында осындай әрекетке барғанын тілге тиек етті.

Қаржы министрі Фаяд Әбдімонейманың сөзіне қарағанда, маусым айының 26-ы күні өтетін бәссаудаға жоғары лауазымды шенеуніктерден алынған аса бағалы 13 сыйлық шығарылады. Одан түскен қаржы мемлекет қазынасын толқтыратын болады.

Мұндай бәссауданың Мысырда алғаш рет өткізілетінін айта кету керек. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!