"Талибан" Катарда өкілдігін ашты

Фотография - "Талибан" Катарда өкілдігін ашты

АҚШ үкіметі Вашингтон "таяу күндері "Талибан" өкілдерімен келіссөздер жасасып, Ауғанстандағы қақтығыстардың тоқтату жолында "алғашқы қадам" жасайтынын хабарлады

173 0

АҚШ үкіметі Вашингтон "таяу күндері "Талибан" өкілдерімен келіссөздер жасасып, Ауғанстандағы қақтығыстардың тоқтату жолында "алғашқы қадам" жасайтынын хабарлады.

Ал "Талибан" Дохада (Катар) ұйымның шетелдегі алғашқы өкілдігін ашты. Өкілдіктің ашылуына орай "Талибан" арнайы мәлімдеме жасап, онда Ауғанстан билігімен ашық бейбіт келіссөздер жүргізуге ынталы екенін білдірді.

Бұған дейін "Талибан" Ауғанстан территориясын "басқа елдерге қауіп-қатер төндіру үшін" пайдалануды айыптаған еді.

АҚШ үкіметі "Талибанның" мәлімдемесін "ұйымның халықаралық терроризмнен бас тартуының алғашқы қадамы" деп атады. Бірақ Ақ Үй болашақта ұйым "Әл-Қаидамен" байланысын толық үзеді деп сенетінін айтады.

Ал Ауғанстан президенті Хамид Карзай Кабул Катарға "Талибанмен" бейбіт келіссөздер жүргізу үшін делегациясын жіберетінін мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!