Хамид Карзай АҚШ-пен келіссөздерді тоқтатты

Фотография - Хамид Карзай АҚШ-пен келіссөздерді тоқтатты

Ауғанстан президенті Хамид Карзай 2014 жылдан кейін елде америка әскерін қалдыру туралы АҚШ-пен жүргізіп жатқан келіссөздерді тоқтатты.

206 0

Ауғанстан президенті Хамид Карзай 2014 жылдан кейін елде америка әскерін қалдыру туралы АҚШ-пен жүргізіп жатқан келіссөздерді тоқтатты.

Карзайдың баспасөз хатшысы Аймал Файзидің айтуынша, ауған басшысы "АҚШ үкіметінің Ауғанстандағы бейбіт келісімдерге қатысты сөзі мен ісі бір-біріне қайшы" деп, келіссөздерді тоқтатқан.

Карзай әкімшілігі президент айтқан "қайшылықты" егжей-тегжейлі айтпады.

Сейсенбіде Катарда "Талибан" ұйымының шетелдегі алғашқы өкілдігі ашылған еді. "Талибан" мен АҚШ Катарда ашылған ұйымның алғашқы саяси өкілдігінде бейбіт келіссөздерді бастауға ынталы екендерін мәлімдеген. Бірақ "Талибан" Карзай үкіметімен келіссөздер жүргізуден, тіпті оны мойындаудан бас тартқан.

Катарда ашылған "Талибан" өкілдіні "Ауғанстан ислам әмірлігінің саяси кеңсесі" деп аталады.

Ауғанстандағы НАТО халықаралық күштерінің әскері 2014 жылдың соңына дейін шығарылуы тиіс.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!