Қырғыз депутаттарын ақтаған судьялар жасырынып жүр

Фотография - Қырғыз депутаттарын ақтаған судьялар жасырынып жүр

Қырғызстанда оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының үш депутатын ақтаған судьялар жасырынып жүр деп хабарлады елдің жоғарғы соты. Жоғарғы соттың ресми өкілінің журналистерге айтуына қарағанда, үш судья да сейсенбіден бері жұмысқа шықпаған және олардың қайда екені де белгісіз.

136 0

Бұған дейін ондаған белсенді судьялардан "Ата Жұрт" партиясының депутаттары Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытовты не себепті ақтағандарын түсіндіруді талап еткен еді.

Наурыз айында оппозициялық үш депутат "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыпталып, бір жылдан бір жарым жылға дейін сотталған еді. Үшеуі де өткен жылы қазан айында үкіметке қарсы наразылық акцияларын өткізгені үшін ұсталған.

17 маусымда Бішкекте өткен сотта сотталған депутаттардың жақтастары оларды дереу босатуды талап етіп, судьяларға шөлмек пен аяқ киім лақтырған еді. Бұдан соң судьялар Ташиев, Жапаров және Мамытовты ақтап, босату туралы үкім шығарған.

Тегтер:

іс сапар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!