Немістер футболды мектеп бағдарламасына енгізді

Фотография - Немістер футболды мектеп бағдарламасына енгізді

Жақында немістің Дюссельдорф қаласында УЕФА-ның Study Group Scheme (Зерттеулер тобы сұлбасы) бағдарламасы бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

192 0

Жақында немістің Дюссельдорф қаласында УЕФА-ның Study Group Scheme (Зерттеулер тобы сұлбасы) бағдарламасы бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Бұл семинар неміс футбол федерациясының ұйымдастыруымен әйелдер арасындағы Германия құрамасының базасында өтті. Оған Қазақстаннан бір топ маман қатысып келді. Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының ұстаздары мен екінші лигадағы футбол клубтарының бапкерлері барып, тәжірибе алмасып қайтты. Бұл семинарға Германия мен Қазақстаннан бөлек, Ресей және Румыния мамандары қатысқан.

Онда әр мемлекеттің өкілдері өз елдерінде футболдың бұқаралық сипатта қалай дамытылып отырғандығы жөнінде баяндама жасаған. Семинарға қатысушылар футболдың Қазақстандағы даму барысымен танысқан. Олардың ерекше көңіл аударғандары балалар арасындағы «Былғары доп – «Кока-кола» додасы болыпты. Биыл оған 350 000 оқушы қатысқандығы оларды айтарлықтай таңдандырған.

Алайда, бұл семинарға қатысушылардың бәрі Германияда футбол төменгі сыныптар бағдарламасына енгендігін естіп, қызыға сүйсінген. Немістерде денешынықтыру сабағы аптасына екі рет өткізіліп, қыздар мен ұлдар бірге ойнайды екен.

 


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!