АҚШ: Өзбекстан мен Ресей адам саудасымен күреспей отыр

Фотография - АҚШ: Өзбекстан мен Ресей адам саудасымен күреспей отыр

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам саудасымен күрестің жай-күйі туралы биылғы жылғы есебінде Өзбекстан мен Ресейді әлемдегі адам саудасына қарсы ешқандай шара қолданбай отырған елдер деп атады.

291 0

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам саудасымен күрестің жай-күйі туралы биылғы жылғы есебінде Өзбекстан мен Ресейді әлемдегі адам саудасына қарсы ешқандай шара қолданбай отырған елдер деп атады.

Вашингтонның ұйғарымы ойынша, бұл екі елге қоса Иран да адам саудасы мәселесін  шешуге тырыспай отыр және болашақта да онымен айналысуды жоспарлап отырған жоқ. Мұның жазасы ретінде Құрама Штаттар осы елдерге көрсетілетін көмекті тоқтатуы мүмкін екенін ескертеді.

Өзбекстан, Ресей және Ираннан кейін тізімде адам саудасының жай-күйі нашар елдер ретінде Ауғанстан, Украина, Албания, Беларусь және Түркіменстан аталады.

Мемлекеттік департамент Армения мен Македонияны адам саудасымен күреске ең көп көңіл бөліп отырған елдер деп атайды. Бұл мемлекеттерден кейін адам саудасына қарсы күрес жүргізуге ұмтылып отырған елдер тізімінде Әзербайжан, Босния, Герцеговина, Косово, Грузия, Ирак, Қазақстан, Пәкістан, Румыния және Тәжікстан бар.

АҚШ үкіметінің дерегі бойынша, әлемде жыл сайын шамамен 27 миллион адам адам саудасының құрбанына айналады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!