ДДСҰ: Әйелдердің үштен бірі тұрмыста жапа шегеді

Фотография - ДДСҰ: Әйелдердің үштен бірі тұрмыста жапа шегеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, әлемде әйелдердің үштен бірі әртүрлі зорлық-зомбылық көреді.

235 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, әлемде әйелдердің үштен бірі әртүрлі зорлық-зомбылық көреді.

ДДСҰ-ның жүргізген арнайы зерттеуінде әйелдердің 35 пайызға жуығы ұрып-соғу мен жыныстық зорлықтан жапа шегетіні, оларға көбінесе нақсүйері әлімжеттік жасайтыны айтылған. Қаза болған әйелдердің 40 пайызы күйеуінің немесе бірге тұратын адамның құрбаны болған. Бұл проблема Оңтүстік-шығыс Азия, Африка мен Таяу Шығыста өте өзекті мәселеге айналып отыр.

ДДСҰ-ның есебі 1983 - 2010 жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын зерттеулерге сүйеніп жасалған. Халықаралық ұйым жетекшісі Маргарет Чан «есеп қортындысы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың індет тәрізді жайылып кеткен ғаламдық проблемаға айналғанын көрсетті» деп мәлімдеген.

БҰҰ-ның деректері бойынша, қазіргі кезде әлемде 600 миллионға жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылық қылмыс болып саналамайтын елдерде тұрып жатыр.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!