Бразилияда шерулер қайта жалғасты

Фотография - Бразилияда шерулер қайта жалғасты

Бразилияда үкіметке қарсылық шерулері қайтадан жалғасты. Бейсенбі күні бірнеше қалада наразылық акциясына шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды.

148 0

Бразилияда үкіметке қарсылық шерулері қайтадан жалғасты. Бейсенбі күні бірнеше қалада наразылық акциясына шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды.

Рио-де-Жанейро қаласында мыңдаған адам қатысқан шеру жергілікті әкімшілік кеңсесіне тақаған кезде полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашты. Полиция қалалық мэрия мен губернатор кеңсесіне күзетті күшейтті. Дүкендер мен банк мекемелері есік-терезелерін қымтап, сақтық шараларын жасады.

Ел астанасы Бразилиа қаласында сыртқы істер министрлігінің ғимаратын басып алмақшы болғандарды полиция тойтарды. Бразилия президенті Дилма Русеф келесі аптаға жоспарлаған Жапонияға сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Бразилияда қоғамдық көліктегі жолақының қымбаттауы түрткі болған наразылық маусымның басынан бері жалғасып жатыр. Ондаған мың адам қатысқан қарсылық шерулерінен соң билік жолақыны бұрынғы деңгейге түсіретінін жариялады. Бірақ қарсылық акциялары әлі басылған жоқ.

Демонстранттар жолақыдан басқа да проблемаларды көтерді, атап айтқанда, бюджет қаржысын әлемдік футбол чемпионатына жұмсауға, қоғамды жайлаған коррупция мен әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдірді.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!