Латвияда президент сарайы өртеніп жатыр

Фотография - Латвияда президент сарайы өртеніп жатыр

Рига орталығындағы президент сарайы өртеніп жатыр. Тілсіз жаумен дәл қазір он өрт сөндіру жасағы және тікұшақ күресіп жатыр

192 0

Рига орталығындағы президент сарайы өртеніп жатыр. Тілсіз жаумен дәл қазір он өрт сөндіру жасағы және тікұшақ күресіп жатыр. Бұл жайында DELFI агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдай саласының мамандары ғимарат өртіне жоғары дәрежелі деген бағасын беріп отыр. Өйткені, сарайдың шатыры ашық түрде өртеніп жатыр. Жалынның неден шарпығаны қазіргі таңда анықталу үстінде. Жараланғандар мен көз жұмғандар жайында ақпарат жоқ.

Ригадағы осынау президент сарайы мемлекет басшысының жұмыс кеңсесінің ролін атқарады. Өткен жылдың күзінен бері ғимаратта күрделі жөндеу жүргендіктен, резиденция өзге жаққа көшірілген.

Ал, сарапшылар болса сарай аумағындағы ұлттық тарихи мұражай жәдігерлері аман қалса екен деп тілеуін тілеп отыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!