Еуротоп Латвияның еуроаймаққа қосылуын мақұлдады

Фотография - Еуротоп Латвияның еуроаймаққа қосылуын мақұлдады

Бұл туралы РБК еуроаймақ елдері қаржы министрлері кеңесінің басшысы Йерун Дейссельблумға сілтеме жасап хабарлайды

140 0

20-шы маусымда өткен Еуроодақтың отырысында Латвияның 2014 жылдан бастап еуроаймаққа қосылуына оң шешім қабылданды. Бұл туралы РБК еуроаймақ елдері қаржы министрлері кеңесінің басшысы Йерун Дейссельблумға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Еуропарламенттің экономика және монетарлық істер жөніндегі комитеті Латвияның еуроаймаққа 2014 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қосылуы жөніндегі баяндаманы тыңдап, мақұлдаған.

Дегенмен, баяндама авторы Латвияның еуроаймаққа кіруінде кедергілердің бар екенін айтты. Атап айтқанда, латвиялықтар бірыңғай еуропалық валютаға күдікпен қарайды. Бұл жағдайда ел үкіметі азаматтарға оның мән-мағынасын түсіндіруі керек. Бұған қоса елде жұмыссыздық деңгейі аса жоғары.

Бұл бастамаға сенімсіздік танытқан топ референдум өткізуді ұсынды. Экономистер мен бақылаушылар егер референдум өтсе халықтың біраз бөлігі қолдамайды деп санайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!