Ибрагим Тодашев Грозныйда жерленді

Фотография - Ибрагим Тодашев Грозныйда жерленді

АҚШ-та "Бостон жарылысына" қатысты іс бойынша тергеу кезінде атып өлтірілген этникалық шешен Ибрагим Тодашевті туыстары бейсенбіде Грозныйда жерледі.

378 0

АҚШ-та "Бостон жарылысына" қатысты іс бойынша тергеу кезінде атып өлтірілген этникалық шешен Ибрагим Тодашевті туыстары бейсенбіде Грозныйда жерледі.

АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) баспасөз қызметі Тодашевтың мамырдың 22-і күні тергеу кезінде қаза болғанын хабарлаған еді. FBI баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тодашевті тергеу кезінде "доңайбат көрсетіп, қауіп-қатер туғызғандықтан" агент атып тастаған.

Ибрагим Тодашев 2011 жылы Массачусетсте үш адамды өлтіріп кету оқиғасына қатысты іс бойынша тергеліп жатқан. Тергеушілер ол оқиғаға Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың да қатысы болуы мүмкін деген.

Биыл сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының маңында ұсталып, қазір қамауда отыр.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!