Үндістанда үш қабатты үй құлады

Фотография - Үндістанда үш қабатты үй құлады

Үндістанның Мумбай қаласында үш қабатты үй опырылып түсті. Қаза тапқан 6 адамның 2-еуі – балалар

166 0

Үндістанның Мумбай қаласында үш қабатты үй опырылып түсті. Қаза тапқан 6 адамның 2-еуі – балалар. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, үйінділердің астында әлі бірнеше тұрғын болуы мүмкін. Қазір қайғылы оқиға орнында мамандар іздестіру-құтқару жұмыстарын жасап жатыр. Осы айдың басында қала билігі 1000-ға жуық ғимараттың апат алдында тұрғанын айтып, ескерткен болатын. Бірақ, іс жүзінде алдын ала ешқандай шара атқарылмаған. Шаңырақтың ортаға түсуі Үндістанда әдетке айналғаны қашан. Мұндағы ғимараттардың көбі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, заңсыз жолмен салына береді. Өткен сәуір айында ғана Тхане қаласындағы осындай апаттан 70-тен астам адам қаза тапқан еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!