Шварценеггер Лос-Анджелестегі үйін сатты

Фотография - Шварценеггер Лос-Анджелестегі үйін сатты

Әйгілі Голливуд актері, Калифорния штатының губернаторы Арнольд Шварценеггер Лос-Анджелестің Пасифик Палисайдс деп аталатын ауданындағы зәулім үйін сатты

162 0

Әйгілі Голливуд актері, Калифорния штатының губернаторы Арнольд Шварценеггер Лос-Анджелестің Пасифик Палисайдс деп аталатын ауданындағы зәулім үйін сатты. Баспана 12,9 миллион долларға бағаланды деп хабарлайды Zillow.com.

Актердің осынау үйі Жерорта теңізі жағалауындағы үйлердің стилімен салынған. Ғимараттың жалпы аумағы 930 шаршы метр. Ішінде 9 жатын бөлме, 9 жуынатын бөлмесі бар. Үйдің өзі 1982 жылы тұрғызылған. Кейін күрделі жөндеу кезінде ауласынан қонақтарға арналған тағы бір шағын үй, үлкен бассейн және теннис корты салынған.

Ал, үйдің ауласында керемет бақша мен суы сылдырап аққан тоған бар.

Баспананың жаңа иесі жайында жергілікті БАҚ өкілдері әлі мәлімет таратқан жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!