Дубайда Қасиетті Құран саябағы салынбақ

Фотография - Дубайда Қасиетті Құран саябағы салынбақ

Құны 27 миллион дирхем болатын жоба келесі жылдың қыркүйек айына қарай бітеді деп жоспарланып отыр.

146 0

Құны 27 миллион дирхем болатын жоба келесі жылдың қыркүйек айына қарай бітеді деп жоспарланып отыр.

Саябақ Құран Кәрімде аты аталған ағаш пен өсімдіктерден болады. Әл Хауаниж қаласында салынатын Қасиетті Құран саябағының құрылысы жайында жоспармен Дубай қаласының жобалар департаменті хабарлады.

Құран Кәрімде аталатын барлық өсімдіктер 60 гектар жерге отырғызылатын болады. Атап айтсақ, анар, зәйтүн майы, жүгері, сарымсақ, інжір, жасымық, арпа, бидай, жанжәбіл, қарбыз, жүзім, банан, қияр, асқабақ, тамаринд, райхан, т.б. өсімдіктер.

«Қасиетті Құранда өсімдіктің 54 түрі аталған. Соның 35 түрі біздің саябақта өсетін болады», – дейді департамент директоры Мұхаммед Нұр Машрум. Ас дәмдеуіштердің 15 түрі жылыжайда өседі, ал 20-сы ашық аспан астында.

Сондай-ақ, саябақта Құранда айтылған мұғжизаларды аудио және бейне материалдар арқылы көрсететін арнайы бөлме де болады.

Мұхаммедтің айтуынша, саябақ халықты Құраннан хабардар ету мақсатында салынады.


Тегтер:

Англия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!