Үндістан елдімекендері толықтай су астына кетіп жатыр

Фотография - Үндістан елдімекендері толықтай су астына кетіп жатыр

Үндістанның солтүстігіндегі тасқын су бүкіл елді әбігерге салып қойды. Ел билігі бүгінгі таңда бүкіл әскерін құтқару жұмыстарына жұмылдырып жатыр

143 0

Үндістанның солтүстігіндегі тасқын су бүкіл елді әбігерге салып қойды. Ел билігі бүгінгі таңда бүкіл әскерін құтқару жұмыстарына жұмылдырып жатыр.

Әскери қызметкерлер адам аяғы әзер жететін таулы аймақтарда жұмыс жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай мекендерде әлі де болса он мыңдаған адам су тұтқынында отыруы мүмкін. Дәл қазіргі мәліметтер бойынша, табиғи апаттан көз жұмғандардың саны алты жүзден асып жығылады. Дегенмен, бұл көрсеткіш әлі бірнеше есеге артуы мүмкін деген де қауіп бар.

Ауа-райын болжаушылар әзірге көңіл көншітетін жаңалық айтпай отыр. Олардың болжамынша, толассыз жауын елдің солтүстігінде тағы бірнеше күн тоқтаусыз жаумақ.

Ең қиын жағдай таулы аймақтарда. Мұндағы халық сыртқы әлеммен байланысын үзгеніне аптадан асты. Әсіресе, Уттаракханд штатындағы халықтың жағдайы мүшкіл. Үндістанға келген туристердің біраз бөлігі де осы штатта қалып қойған.

Куәгерлердің айтуынша, тасқын су кейбір елдімекендерді толықтай шайып, жермен-жексен еткен көрінеді. Құтқарушылар күніне 24 сағаттан жұмыс істеп жатыр дейді жергілікті билік өкілдері. Олар аман қалғандар мен жараланған тұрғындардың өмірі үшін күресуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!