Еврей еврейді мұсылманмен шатастырып, атып тастады

Фотография - Еврей еврейді мұсылманмен шатастырып, атып тастады

Иерусалимнің Батыс қақпасының жанында еврей күзетшісі өзінің еврей бауырын атып тастады. Сөйтсе оны палестиналық адам деп шатастырып алыпты

369 0

Иерусалимнің Батыс қақпасының жанында еврей күзетшісі өзінің еврей бауырын атып тастады. Сөйтсе оны палестиналық адам деп шатастырып алыпты. Бұл жайында BBC News хабарлады.

Полиция өкілі Микки Розенфельдтің айтуынша, оқиға жұма күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.40 шамасында болған. Еврей қоғамдық дәретханадан шығып, күзетшіге қарай жүріпті. Екі қолы қалтасында болғандықтан күдіктенген күзетші тапаншасының шүріппесін бейтаныс біреуге қарай бағыттап баса салған. Оның үстіне анау да бірнеше мәрте «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтқан. Сірә, қалжыңдасқысы келген болар. Ойыннан от шықты деген осы-ау.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!