Мешіт имамын ұрламақ болғандар іздестірілуде

Фотография - Мешіт имамын ұрламақ болғандар іздестірілуде

Дағыстанның Кахабросо деп аталатын елдімекенінде мешіт имамын ұрламақ болған. Дегенмен, көршілері бұл жайтты дер кезінде байқап, көмекке келіпті

187 0

Дағыстанның Кахабросо деп аталатын елдімекенінде мешіт имамын ұрламақ болған. Дегенмен, көршілері бұл жайтты дер кезінде байқап, көмекке келіпті. Бұл жайында BBC Russian хабарлайды.

"Жексенбіге қараған түні Кахабросо елдімекенінің имамын белгісіз біреулер ұрламақ болған. Дегенмен, дін өкілі өзін-өзі жоғалтып алмай, күдіктілерге қарсылық танытты. Айқай-шуды естіген көршілері дер кезінде жетіп, имамды аман алып қалды" дейді РФ ІІМ өкілі.

Осы оқиғаның салдарынан молданың әйелі мен ұлы жарақат алды және қазіргі таңда ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, имамға шабуыл жасағандардың бірі екіжақты жанжал кезінде тапанша оғынан көз жұмды. Алайда, қаруды дін өкілі қолданды ма, әлде көршілері атты ма, ол жағы айтылмай отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!