Нельсон Манделаның халі күрт нашарлады

Фотография - Нельсон Манделаның халі күрт нашарлады

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) бұрынғы президенті, ауруханада жатқан Нельсон Манделаның халі күрт нашарлап кетті. Ел үкіметінің хабарлауынша, дәрігерлер 94 жастағы Манделаның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр

146 0

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) бұрынғы президенті, ауруханада жатқан Нельсон Манделаның халі күрт нашарлап кетті. Ел үкіметінің хабарлауынша, дәрігерлер 94 жастағы Манделаның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Мандела 1994 жылы апартеид саясаты аяқталғаннан кейінгі елдің алғашқы қара нәсілді президенті болған. Ол ауруханаға 8 маусымда өкпе ауруымен түскен еді.

ОАР президенті Джейкоб Зума ел тұрғындары мен әлем халқына Манделаның денсаулығын сұрап жалбарынуға шақырды.

Апартеидпен белсенді күрескен Мандела 27 жыл түрмеде отырып, 1990 жылы бостандыққа шыққан. Бейбітшілікке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған ол 1994 жылы елдің алғашқы қара нәсілді президенті болды. Нельсон Мандела бұрын мемлекетті басқарған саны аз ақ нәсілділер мен елде басымдыққа ие қара нәсілділерді бітістіруде маңызды рөл атқарған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!