Ыстамбұлда қазақстандық студенттер тұңғыш рет «Домбыра Пати» өткізді

Фотография - Ыстамбұлда қазақстандық студенттер тұңғыш рет «Домбыра Пати» өткізді

Қазақтың қара домбырасының шанағынан төгілген күмбірлі күй Түркия түнін түрді. Өткен сенбіде Ыстамбұл қаласында да «Домбыра Пати» өтті.

186 0

Қазақтың қара домбырасының шанағынан төгілген күмбірлі күй Түркия түнін түрді. Өткен сенбіде Ыстамбұл қаласында да «Домбыра Пати» өтті.

 

Қазақстанда дәстүрге айналған «Домбыра Пати» Түрік елінде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ұйымдастыруымен Ыстамбұлда тұңғыш рет өтті. Көңілді кешке «Сана» Студенттер Қауымдастығының өкілдері мен Түркияда тұратын қазақ қандастарымыз және Түрік ноғайлары да қатысты.

«Ыстамбұлдың көрікті жерлерінің бірі Зейтінбұрын теңіз жағалауында өткен кешке Белгілі әнші, Қазақстан мәдениет қайраткері Арсланбек Сұлтанбеков та қатысып, өзінің жоғары бағасын берді. Қаланың даңғаза музыкасын қазақтың қара домбырасының үні басып, саябақта дем алып жүрген жергілікті түрік бауырларымыз да ән-күйлерімізді тыңдап, таңдай қақты»,-дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі, Ялова университетінің магистранты Жақсылық Баймаханов.

Ыстамбұл қаласындағы қазақ жастары Қазақстанда брентке айналып үлгерген «Домбыра Патиды» алдағы уақытта да жиі-жиі ұйымдастыратынын айтты.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!