Британияда мұсылмандарға қарсы терроризм өршіп барады

Фотография - Британияда мұсылмандарға қарсы терроризм өршіп барады

 Ұлыбританияның Уолсолл қаласындағы мешіттің маңайынан тағы бір жарылғыш зат табылды. Саперлер дер кезінде зарарсыздандырмағанда тағы бір мешіттің күлі көкке ұшатын еді.

168 0

 Ұлыбританияның Уолсолл қаласындағы мешіттің маңайынан тағы бір жарылғыш зат табылды. Саперлер дер кезінде зарарсыздандырмағанда тағы бір мешіттің күлі көкке ұшатын еді.

Күдікті зат мешіт маңынан жұмадан сенбіге қараған түні табылған. Билік өкілдері мешітке жақын орналасқан 40 үйге дейінгі аумақтағы тұрғындарды басқа жерге көшірді.

Полиция өкілдері бұл қылмыс діни қастықтың аясында жасалып отыр дейді.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші бәленің бәрі мамыр айында Лондонда екі нигериялық азаматтың британдық сарбазды адам төзгісіз азапқа салып, қорлықпен өлтіріп кеткендігінен басталды. Кейбір жаман пиғылды саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары бұл қылмысты бас-көз жоқ мұсылмандарға таңа салды. Осыны іліп әкеткен ұлтшылдар кейін Британия қалаларында шерулер өткізіп, халықты мұсылмандарға қарсы қойды. Бұның нәтижесі осындай қастыққа әкеп соғып, бірнеше қалада мешіттер өртеніп, мұсылмандарға шабуылдар жасалды.

 


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!