Берлускони жеті жылға сотталды

Фотография - Берлускони жеті жылға сотталды

Италия соты бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониді "кәмелеттік жасқа толмаған жезөкшелердің қызметіне ақша төледі және қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деп таныды.

264 0

Италия соты бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониді "кәмелеттік жасқа толмаған жезөкшелердің қызметіне ақша төледі және қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деп таныды. Милан соты шығарған үкім бойынша ол жеті жылға сотталып, мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынады.

Сот Италия экс-премьерін 2010 жылы премьерлік қызмет атқарған тұста түнгі клуб бишісі, сол кезде 18-ге толмаған Карим эль-Маругпен жыныстық қатынасқа түскені үшін ақша төлеп, ол әрекетін жасыру арқылы қызметін теріс мақсатта пайдаланды деп айыптаған.

Италиялықтар назарында болған бұл сот процесі екі жылға созылды.

Бірақ Берлускони өзін "кінәсізбін" деп атап, сот үкіміне шағымданатынын айтады.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!