Катар әмірі билікті ұлына тапсырмақ

Фотография - Катар әмірі билікті ұлына тапсырмақ

Катардың "Әл-Жазира" тееларнасы Катар әмірі Шейх Хамад Бин Халиф Әл Тани билікті мұрагері, 33 жастағы ұлы Шейх Тамимге тапсыруға дайындалып жатқанын хабарлады.

371 0

Катардың "Әл-Жазира" тееларнасы Катар әмірі Шейх Хамад Бин Халиф Әл Тани билікті мұрагері, 33 жастағы ұлы Шейх Тамимге тапсыруға дайындалып жатқанын хабарлады.

Әмір таяуда тақтан ресми түрде бас тартып, оны ұлына өткізіп бермек. Сарапшылар басшының ауысуы Катардың саяси бағыт-бағдарына әсер етпейді деген пікірде.

61 жастағы Шейх Хамад елді 1995 жылдан бері басқарып келеді. Оның басшылығы тұсында Катар аймақтық деңгейде және халықаралық аренада маңызды рөл атқара бастады. Парсы шығанағындағы халқы екі миллион болатын бұл ел - АҚШ-тың аймақтағы сенімді саяси одақтасы.

Катар әлемде сығымдалған табиғи газды ең көп экспорттайтын мемлекет болып саналады. Бұл ел бұған қоса медиа кеңістіктегі ең ірі инвестор және басты ойыншылардың қатарында тұр.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!