Президент сарайы маңында атыс болып жатыр

Фотография - Президент сарайы маңында атыс болып жатыр

Кабулдағы президент сарайы маңында атыс басталып, бірнеше рет жарылыс болды

234 0

Кабулдағы президент сарайы маңында атыс басталып, бірнеше рет жарылыс болды.

Кабул полицейлерінің мәлімдеуінше, қала орталығында лаңкестер шабуыл жасаған. Оқиға президент сарайы мен қорғаныс министрлігі маңында болды. Ол жерде көптеген үкіметтік ғимараттар мен елшіліктер орналасқан.

Reuters тілшісі Мирваис Харунидің (Mirwais Harooni) айтуынша, ғимаратта Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың баспасөз мәслихатына жиналған 20-ға тарта журналист бар. Ал президенттің өзі ғимаратта бар-жоғы әзірге белгісіз.

Associated Press-тің хабарлауынша, «Талибан» лаңкестері президент сарайына жасалған шабуыл мен ғимараттағы жарылысты өз мойындарына алды. 911 құтқару қызметінің твиттерінде былай деп жазылған: «Талибандар өздері шабуыл жасайтын нысандарды тізіп, Кабулдағы журналистерге смс-хабарламамен таратқан».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!