Британ министрі билеймін деп аяғын сындырып алды

Фотография - Британ министрі билеймін деп аяғын сындырып алды

Ұлыбританияның көші-қон ісі бойынша министрі Марк Харпер билеймін деп аяғын сындырып алды. Ол Лондонның Сохо ауданындағы түнгі клубтардың бірінде көңіл көтеріп жүріп, стол үстінен құлап кеткен.

133 0

Ұлыбританияның көші-қон ісі бойынша министрі Марк Харпер билеймін деп аяғын сындырып алды. Ол Лондонның Сохо ауданындағы түнгі клубтардың бірінде көңіл көтеріп жүріп, стол үстінен құлап кеткен.

"Мен Соходағы түнгі клубта стол үстіне шығып билеп жатқанмын. Сол сәтте байқаусызда құлап, аяғымды сындырып алдым. Менімен бірге әйелім Маргарет те билеген болатын. Сәтін салғанда ол құлаған жоқ, ол менен гөрі жақсы билейді" дейді министр Daily Mail газетіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұл жайт маусым айының басында орын алған. Дегенмен, шындықты журналистер енді біліп отыр. Өйткені, аяғы сынған министр үлкен жиындардың біріне балдақпен келіп, жұрттың назарын өзіне аударыпты.

Харпер өзінің бұл әрекетін шектен шығушылық деп бағалап, енді столға шықпай билеуге уәде берді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметтен ешқайда шеттетілмейтіндігін де тілшілер қауымына жеткізді. Сейсенбіде, министр Алжирге баруы тиіс болатын. Алайда, денсаулығына байланысты бұл іс-сапар кейінге қалдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!