Үндістанда тікұшақ құлап, 8 адам мерт болды

Фотография - Үндістанда тікұшақ құлап, 8 адам мерт болды

Су тасқыны болып жатқан Үндістанның Уттаракханд штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды. Олардың бесеуі Үндістан әскери әуе күштерінің қызметкері

208 0

Су тасқыны болып жатқан Үндістанның Уттаракханд штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды. Олардың бесеуі Үндістан әскери әуе күштерінің қызметкері.

Құлаған тікұшақ су ортасында қалған мыңдаған жанды құтқармақ болған көрінеді. Алайда, көздеген межесіне жетпей, әуе көлігі техникалық ақаулықтар салдарынан істен шыққан.

Құтқару жұмыстары қазіргі таңда толассыз жауған нөсерлі жаңбырдың кесірінен қиындап кетті. Ал, тікұшақтардың апат аймағына ұшып баруына уақытша тиым салынды.

Үндістанда соңғы 80 жылда болмаған осынау су тасқыны ресми есептер бойынша 600-ден астам адамның өмірін қиды. Он мыңдаған адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында.

Ал, құтқарылғандардың саны жүз мыңға жуықтаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!