Обама климаттың өзгеруімен күрес жоспарын ұсынды

Фотография - Обама климаттың өзгеруімен күрес жоспарын ұсынды

АҚШ президенті Барак Обама көмірқышқыл газын шығаруды азайту, энергия көздерін сақтау және климаттың өзгеруі салдарына дайын болуға қатысты жоспарды ұсындым

179 0


АҚШ президенті Барак Обама көмірқышқыл газын шығаруды азайту, энергия көздерін сақтау және климаттың өзгеруі салдарына дайын болуға қатысты жоспарды ұсынды.

Джорджтаун университетінде сөйлеген Обама американың электр станцияларына ауаға шектеусіз көмірқышқыл газын шығаруға тыйым салу қажетін айтты. Ол қоршаған ортаны қорғау агенттігіне бұрыннан жұмыс істейтін және жаңа электр станцияларына парник газын түзетін улы қалдықтарды шығаруына шектеу қоюға тапсырма бергенін жеткізді.

Обаманың айтуынша, ол конгресстен климаттың өзгеруіне қатысты заңнамалық актілер қабылдауды сұрағанымен, әзірге жауап болмай отыр.

Президент жоспары бойынша федералдық агенттіктер енді мемлекет меншігіндегі территорияларда қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды арттыру, қуат көздерін тиімді пайдалану және АҚШ тұрғындарын қатаң табиғи жағдайда бейімдеуге дайындық шараларын қабылдамақ.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!