Моңғолияда президент сайлауы басталды

Фотография - Моңғолияда президент сайлауы басталды

Моңғолияда президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлауға биліктегі Демократиялық партияның атынан қазіргі президент Цахиагийн Элбегдорж бен оппозициялық Моңғол халықтық партиясы атынан балуан Бадмаанямбуугийн Бат-Эрдэнэ және денсаулық сақтау министрі Н.Удвал түсіп жатыр

194 0

Моңғолияда президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлауға биліктегі Демократиялық партияның атынан қазіргі президент Цахиагийн Элбегдорж бен оппозициялық Моңғол халықтық партиясы атынан балуан Бадмаанямбуугийн Бат-Эрдэнэ және денсаулық сақтау министрі Н.Удвал түсіп жатыр. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, қазіргі президенттің сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

Сайлауалды кампаниясындағы басты тақырыптардың бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі болды.

Моңғолиялықтардың көпшілігі елдің табиғи байлықтарының пайдасын көрмейтінін айтып шағымданады. Моңғолияның табиғи ресурстары - алтын, мыс және көмір экономикалық дамуға серпін бергенімен, инфляцияның өсуіне және байлар мен кедейлер арақатынасының ұлғаюына әкеп соқты. Моңғолиялықтардың көпшілігі шетелдік компанияларға кен өндіру құқын беруге қарсы.

Сайлауалды кампаниясында Элбегдорж өзін 1990 жылдары коммунистік партияның үстемдігін жойған қарсылық қозғалысының жетекшісі ретінде насихаттады. Ал қарсыластары оны партиялас жақтастарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуден қорғаштап отыр деп айыптайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!