"Асың дәмді емес" деген көршісін өлтіріп тастады

Фотография - "Асың дәмді емес" деген көршісін өлтіріп тастады

Украинадағы Бақшасарай елдімекенінің тұрғыны "асың дәмді болмапты" деп сын айтқан көршісіне ренжіп, оны өлтіріп тастады

156 0

Украинадағы Бақшасарай елдімекенінің тұрғыны "асың дәмді болмапты" деп сын айтқан көршісіне ренжіп, оны өлтіріп тастады. Бұл жайында «Комсомольская правда в Украине» газеті мәлімдеп отыр.

Қайтыс болған әйел мен қылмыскер еркек бұрын көрші тұрып, өте жақсы араласқан көрінеді. Олар бір-бірінің үйіне де жиі кіреді екен. Әйелді қуантқысы келген ер азамат өзі ас әзірлеп, бірде оны қонаққа шақырған. Алайда, "асың дәмсіз болған" деп сын айтқан көршісі ыдыстағы тамақты дәретханаға барып төгіп тастайды.

Бұған ренжіген үй иесі қолына пышақ алып, әйелдің ішіне тығып алған (бұл сәтте күдікті мас күйінде болған дейді тәртіп сақшылары). Кейін есін жиып, жедел жәрдемді өзі шақырыпты.

"Мен оның өлмеуін тіледім. Өлсе мені ұзақ жылға түрмеге қамайтынын білдім" деп ойын білдіріпті қолға түскен ер азамат.

Шақыртуға дереу жеткен дәрігерлері әйелдің өмірін аман сақтап қала алмады. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Күдікті қазір тергеуде. Тәртіп сақшылары оның бұдан бұрын да бұзақылығы үшін түрмеге отырып шыққандығын айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!