Жарылыстан бір отбасы түгелдей қырылып қалды

Фотография - Жарылыстан бір отбасы түгелдей қырылып қалды

Ауғанстанның оңтүстігінде мина жарылып, салдарынан 11 адам көз жұмды

131 0

Ауғанстанның оңтүстігінде мина жарылып, салдарынан 11 адам көз жұмды. Бұл жайында BBC Russian хабарлайды.

Қаза тапқандардың барлығы дерлік әйелдер. Арасында тек бір ғана нәресте бар.

Тәртіп сақшылары көз жұмғандардың нақты санын айтпай отыр. Бір дереккөзде 11 адам өлді деп жазылса, екіншісінде тоғыз адам деп көрсетілген. Ауыр жарақат алған тағы екі адам туралы да ақпарат бар.

Ал, тәртіп сақшылары болса қайтыс болғандардың барлығы бір отбасының мүшелері болған деген мәлімдеме жасады.

Әзірге белгілісі, бұл отбасы құда түсу салтына барлығы бір көлікпен бара жатқан екен. Сол сәтте көлік жолға жасырылған минаны басып өтіп, күлі көкке ұшыпты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!