Қытайдағы жаппай тәртіпсіздік барысында 27 адам ажал құшты

Фотография - Қытайдағы жаппай тәртіпсіздік барысында 27 адам ажал құшты

Синьцзян провинциясында этникалық негіздегі қақтығыс барысында кем дегенде 27 адам мерт болды

385 0

Синьцзян провинциясында этникалық негіздегі қақтығыс барысында кем дегенде 27 адам мерт болды,

деп хабарлайды қытайлық БАҚ.

Олардың мәліметінше, ойрандаушылар ресми ғимараттарға, полиция учаскелеріне шабуылдап, көліктерді өртеген. Бұған жауап ретінде полиция оқ атқан.

ВВС-дің жазуынша, қаза болғандардың арасында он жеті полицей мен азаматтық тұлғалар, сондай-ақ шабуыл жасаған он адам бар.Соңғы жылдары Синьцзян-Ұйғыр автономды районы ұйғырлар мен этникалық қытайлықтар арасындағы қақтығыстар ошағына айналған болатын.

2009 жылы тәртіпсіздік салдарынан Синьцзянде 200-ге жуық адамның өмірі қиылған болатын Ал өткен аптада 11 адам этникалық және діни алауыздыққа арандатқаны  үшін сотталған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!