Ресейде гейлер құқықтарын қорғаушыға айыппұл салынды

Фотография - Ресейде гейлер құқықтарын қорғаушыға айыппұл салынды

Санкт-Петербургте гейлер құқықтарын қорғайтын ұйымның жетекшісіне "шетел агенті" ретінде қайта тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін айыппұл салынды

176 0

Санкт-Петербургте гейлер құқықтарын қорғайтын ұйымның жетекшісіне "шетел агенті" ретінде қайта тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін айыппұл салынды.

Сот "Выход" ұйымының жетекшісі Анна Анисимованы "шетел агенті ретінде тіркеуден өтпеді" деп айыптап, 300 мың рубль (9100 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды. Құқық қорғау ұйымының өзіне осыдан бір апта бұрын жоғарыдағыдай айыппен 500 мың рубль (15200 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынған еді.

Өткен жылдың соңында қабылданған жаңа заң бойынша елдегі шетелден қаржы алатын және саяси қызметпен айналысатын барлық ұйымдар "шетел агенті" ретінде тіркелуі тиіс.

"Выходтың" заңгері ұйымның саяси қызметпен айналыспайтынын айтып, сот шешіміне шағымданатындарын білдірді.

Нью-Йоркте орналасқан Human Rights Watch ұйымы сәрсенбіде Ресей билігін "үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру үшін даулы заңды қолданып отыр" деп сынады.

Сәуір айында Ресейдегі сайлауларға бақылау жасайтын тәуелсіз "Голос" ассоциациясына да жаңа заң талабын "орындамағаны үшін" 300 мың рубль (10 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған еді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!