Мурси: алдағы шерулер мемлекетті әлсіретеді

Фотография - Мурси: алдағы шерулер мемлекетті әлсіретеді

Египет прзеиденті Мұхаммед Мурси алда жоспарланып отырған наразылық шерулері "мемлекетті әлсіретеді" деп ескерту жасады. Бұл туралы ол сәрсенбіде телеарнадан билікке келгеніне бір жыл толуына орай сөйлеген сөзінде айтты.

195 0

Исламшыл Мурсидің қарсыластары 30 маусымда, оны ұлықтау рәсіміне бір жыл толатын күні президенттің басқаруына қарсы кең көлемде наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, шерулер қарсаңында қалалардың маңайына әскери бөлімдер әкелінген.

Мурси сөзінде президент ретінде "бірқатар қателіктер жібергенін" мойындап, саяси күштерді реформаларға қатысты келіссөздерге шақырды.

Мұхаммед Мурси президент болған бір жылда елде реформашылдар мен исламшыл күштер арасында үнемі текетірестер болып, эконмикалық даму құлдырап кетті.

Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!