Моңғолия президенті екінші мерзімге сайланды

Фотография - Моңғолия президенті екінші мерзімге сайланды

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж екінші мерзімге қайта сайланды. Сәрсенбіде өткен президент сайлауында ол дауыс берген сайлаушылардың 50 пайыздан көп даусын жинаған.

120 0

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж екінші мерзімге қайта сайланды. Сәрсенбіде өткен президент сайлауында ол дауыс берген сайлаушылардың 50 пайыздан көп даусын жинаған.

Элбэгдоржбен бірге сайлауға биліктегі оппозициялық Моңғол халықтық партиясы атынан - парламент мүшесі Бадмаанямбуугийн Бат-Эрдэнэ (бұрынғы балуан), Моңғол халық революциялық партиясы атынан - денсаулық сақтау министрі Нацагийн Удвал (ханым) түскен.

Ресми орындардың хабарлауынша, берілген барлық дауыс саналған. Бірақ сайлаудың түпкілікті нәтижесі дауыс беру жәшіктері ел астанасы Улан-Баторда тексеруден өткен соң жария болмақ.

Сайлауалды кампаниясындағы басты тақырыптардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі болды.

Ел экономикасының дамуы өткен жылы 12 пайызға өскен. Бірақ 3 миллион халқының көпшілігі әлі де кедей тұрады.

Бұрынғы журналист, биліктегі демократиялық партияның өкілі Элбэгдорж 1990 жылдардағы коммунистік басқаруға қарсы қозғалыстың жетекшісі болған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!