Құпия несие Италияны құлдыратады

Фотография - Құпия несие Италияны құлдыратады

Италия еуроаймаққа кіргені үшін өкінуі мүмкін.Осы одаққа кіргені үшін итальяндықтар қарыз бойынша миллиардтаған төлем жасауы керек.

126 0

Италия еуроаймаққа кіргені үшін өкінуі мүмкін.Осы одаққа кіргені үшін итальяндықтар қарыз бойынша миллиардтаған төлем жасауы керек.

Еуро аймағына кіру үшін Италия құпия қаржы операциясын жүргізген. Бұл шара Италияның мемлекеттік тапшылығын жою бойынша барлық жұмыстарды Еуроодаққа ашық түрде жолдап отыруға бағытталған, деп хабарлайды The Financial Times іскерлік газеті. Баспаның еншісіне келіп түскен ресми құжаттарға қарасақ, 90-жылдардың соңында Италияның қаржы министрлігі жеке банктерден 31,7 млрд еуро көлемінде несие алған. Несие мемлекеттік тапшылықты жоюға бағытталған. Осы қаржының арқасында мемлекеттік тапшылық жойылып,аталмыш ел 1999-жылы еуро аймағына енді. Несие берген банктер немесе келісімшарт талаптары жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Италияның мүмкін болатын шығыны 8 млрд еуро.Мұны Financial Times газетінің үш тәуелсіз сарапшысы келтіріп отыр. Бұл іске Еуропалық орталық банк басшысы Марио Драгидің де қатысы болуы мүмкін деген бейресми ақпарат та бар. Өйткені ол 90-шы жылдардың асында Италия қаржы министрлігін басқарды.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!