Қырғызстанда Құмтөрге қатысты наразылық тағы өтті

Фотография - Қырғызстанда Құмтөрге қатысты наразылық тағы өтті

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жеті-Өгіз ауданында Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен кезекті наразылық шеруі өтті.

167 0


Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жеті-Өгіз ауданында Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен кезекті наразылық шеруі өтті.

Бейсенбіде жергілікті 500-ге тарта тұрғын Қызыл-Суу ауылының орталығыныа жиналып, үкіметтен кенішті игеріп жатқан канадалық Centerra Gold компаниямен келісімнің күшін жоюды талап еткен. Наразылармен келіссөз жүргізуге парламент депутаты Еркінбек Алымбеков, вице-премьер Токон Мамытов және үкіметтің аймақтағы өкілі Емілбек Қаптағаев барған.

Қырғызстан парламенті канадалық компанияға салынатын салықты көбейтуге шақырып келеді.

31 мамырда президент Алмазбек Атамбаев осы ауданда мыңдаған наразылық танытушылар полициямен қақтығысқаннан соң үш күн төтенше жағдай жариялаған еді. Шеруге шыққандар компанияны "салық аз төлейді, экологияны ластап жатыр" деп айыптап, кен орнын мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен. Шерушілер ол кезде электр станциясын басып алып, Құмтөр кені орнына электр қуатын бермей қойған.

 


Тегтер:

қырғызстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!