АҚШ-та екі басты тасбақа пайда болды

Фотография - АҚШ-та екі басты тасбақа пайда болды

Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы хайуанаттар бағында екі басты тасбақа тіршілік етуде. Жануарға есім берілген Телма және Луиза.

674 0

Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы хайуанаттар бағында екі басты тасбақа тіршілік етуде. Жануарға есім берілген Телма және Луиза.

Ерекше тасбақа 18 маусымда дүниеге келген. Оны тек бүгіннен бастап қана көпшілік назарына көрсете бастаған. Мекеме қызметкерлері қосмекендінің денсаулығы жақсы, жерде еркін жыбырлап, суда жүзіп жүргенін айтады. Бастары бір денеде болғанымен, екеуінің әрекеті екі түрлі көрінеді. Екібасты жануар бұл хайуанаттар бағында бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Мұнда 1978 жылы 2 басты жылан да туған болатын.

Крейг БЕЛКЕ, хайуанаттар бағының кураторы:

- Оң жағы қызығушылықпен қарап тұрса, сол жағындағы басы мені тістегісі келді. Соған қарағанда, сол жағы ширақтау ғой деймін.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!