Минскіде кәсіпкерлер Кеден Одағына қарсы шеруге шықты

Фотография - Минскіде кәсіпкерлер Кеден Одағына қарсы шеруге шықты

Минскіде кәсіпкерлер Кеден Одағына қарсы бір күндік шеруге шықты. Хабар таратуға барған Азаттықтың Беларусь қызметінің тілшісін полиция ұстады.

113 0

Минскіде кәсіпкерлер Кеден Одағына қарсы бір күндік шеруге шықты. Хабар таратуға барған Азаттықтың Беларусь қызметінің тілшісін полиция ұстады.

Беларусь қызметінің хабарлауынша, полиция кәсіпкерлердің қарсылық акциясында Азаттық журналисі Игорь Карнейді, "Перспектива" қоғамдық ұйымының жетекшісі Анатолий Шумчанканы және тағы бірнеше адамды тұтқындаған.

Беларусьтің шағын және орта деңгейдегі кәсіпкерлері бүгін үкіметтен Ресей және Қазақстан бар Кеден одағы құрамынан шығуды талап етіп, наразылық шеруәне шыққан.

Дүйсенбіде Беларусь кәсіпкерлерінің форумы Кеден Одағына қарсы науқан бастауға келіскен. Кәсіпкерлер одақтың шарттары мен заңнамалары өздерінің араласуынсыз түзілгенін және ол ережелер кәсіпкерлер мүдделеріне қайшы екенін айтады.

Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы 2010 жылы құрылды. Одақ үш елдің арасындағы сауда айналымын жеңілдетеді деп саналған.

Ресей үкіметі бұған дейін Кеден Одағын құрудағы мақсат  - 2015 жылға қарай Еуропа Одағы үлгісіндегі Еуразия экономикалық одағын құру деп мәлімдеген еді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!