Мексикада жүз жасар кейуана бастауыш мектепті бітірді

Фотография - Мексикада жүз жасар кейуана бастауыш мектепті бітірді

Мексиканың Оахака штатында тұратын 100 жасар кейуана бастауыш мектепті бітіргендігі туралы куәлік алды.

391 0

Мексиканың Оахака штатында тұратын 100 жасар кейуана бастауыш мектепті бітіргендігі туралы куәлік алды. Куәлікті салтанатты түрде есейген адамдарға білім беру мәселелерімен айналысатын ведомствоның шенеуніктері табыс етті7

Мануэла Эрнендес Веласкестің сөзінше, оған білім алған өте ұнаған. Тек көздің нашарлығынан кей сабақтар қиындықпен берілген көрінеді.

Ведомство өкілі Норма Хименес Лопес Веласкестің бұл әрекетін асқан ерлік деп атап, Мексиканың халқына үлгі болатынын айтты. Өйткені Оахака штатының 15 жастан асқан тұрғындардың 35 пайызы орта және жоғары білім алмақ түгілі бастауыш мектепті бітіре алмаған.

Ал кейуана Веласкестің мұнымен тоқтар ойы жоқ. Ол келесі сыныпқа көшіп, мектеп бағдарламасын әрі қарай игеруді жоспарлап отыр.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!