Джохар Царнаевқа ресми түрде айып тағылды

Фотография - Джохар Царнаевқа ресми түрде айып тағылды

АҚШ-тың алқа соты Бостон марафонындағы жарылыстарға күдікті деп танылған Джохар Царнаевқа ресми түрде тағылған айыптарды жариялады.

117 0


АҚШ-тың алқа соты Бостон марафонындағы жарылыстарға күдікті деп танылған Джохар Царнаевқа ресми түрде тағылған айыптарды жариялады.

Царнаевқа қарсы барлығы 30 айып тағылып отыр. Олардың арасында "қару қолданып, кісі өліміне себепкер болды" деген айып бар.

15 сәуірде Бостонда өтіп жатқан марафон мәреге жақындап қалғанда екі жарылыс болған еді. Жарылыстан үш адам қаза тауып, 260 адам жараланған. Джохар Царнаевтың ағасы Тамерлан Царнаев оқиғадан соң төрт күннен кейін полициямен болған атыста оққа ұшты. Джохар жараланып, ұсталды.

Тергеу деректері бойынша, жарылыс жасау үшін ағайынды Царнаевтар "ішіне тез бөлшектенетін бытыра салынған бомба" қолданған. Царнаевтарға бұған қоса "полицейді өлтірді" деген де айып тағылған.

Тағылған айыптар бойынша Джохар Царнаев өлім жазасына немесе өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!