Лондондық жол сақшылары ерекше көліктің иесін анықтады

Фотография - Лондондық жол сақшылары ерекше көліктің иесін анықтады

Лондонда жол полиция қызметкерлері ерекше жайтпен бетпе-бет келді. Олар қала көшелерінде жоғары жылдамдықпен және мемлекеттік номерсіз жүрген автокөлікті ұстаған. Көліктің ерекшелігі сол, ол түнгі уақытта тұтастай жарқырап жанып жүріпті. 

308 0

Кейінірек анық болғаны, бұл көлік Катар елінен жеткізілген екен, артында жапсырылған мемлекеттік номерлері де сол елге тиесілі. Ал, оның иесі 24 жастағы шейх Нассер Ат-Тани болып шықты. Оның мұндай мәртебесіне қарамастан жол сақшылары шейхтің көлігін айып тұрағына жеткізді.

Патша отбасының өкілі Лондон көшелерінде жылдамдықты арттырумен қоймай бірде-бір құжатын өзімен бірге алып жүрмеген. Сондықтан оның кім екендігін анықтау алғашында полиция қызметкерлері үшін аз қиындықтар туғызды.

Ат-Тани өзінің бұл әрекеті үшін енді 200 фунт сетрлинг көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. 

Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!