Шыңжанда лаңкестіктің салдарынан 21 адам ажал құшты, 24-і жарақаттанды

Фотография - Шыңжанда лаңкестіктің салдарынан 21 адам ажал құшты, 24-і жарақаттанды

Қытайдың солтүстік-батысында Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданында лаңкестік шабуылдың салдарынан 24 адам опат болды.

224 0

Қытайдың солтүстік-батысында Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданында лаңкестік шабуылдың салдарынан 24 адам опат болды.

Лаңкестік шабуыл 26 маусым күні Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының әкімшілік орталығы Үрімші қаласынан 250 шақырым жерде Турфан округы Шаньшань үйезінде орын алған. Қаза тапқан 24 адамның арасында 16-сы ұйғыр, оның ішінде екі тәртіп сақшысы бар. Сонымен қатар 21 адам жарақаттанған.

26 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5.50-де белгісіз адамдар тобы полицияның, патрульдік полицияның арнайы бөлімшесінің учаскесіне, жергілікті әкімшіліктің ғимаратына, мигрант жұмысшылардың құрылыс алаңына шабуыл жасады. Тәртіп сақшыларымен қақтығыста олардың 11-і көз жұмды, төртеуі қолға түсті.


Тегтер:

қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!