Саакашвилидің партиясы парламентте бойкот жариялады

Фотография - Саакашвилидің партиясы парламентте бойкот жариялады

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің Біріккен ұлттық қозғалыс партиясының депутаттары партияның бірнеше өкілінің тұтқындалуына наразылық танытып, парламент отырысын тастап шығып кетті.

253 0

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің Біріккен ұлттық қозғалыс партиясының депутаттары партияның бірнеше өкілінің тұтқындалуына наразылық танытып, парламент отырысын тастап шығып кетті.

Партия жетекшісі Леван Бежуашвили жұма күні журналистерге депутаттар "партияны жоспарлы түрде жоюға" наразылық танытып, парламент отырысына бойкот жариялағанын айтты.

Бейсенбі күні кешке Тбилиси қалалық әкімшігінің төрт шенеунігі тұтқындалып, "қаржы жымқырды" деген айып тағылған еді. Тбилиси мэрі, Біріккен ұлттық қозғалысы партиясының мүшесі Гиги Угулава әріптестерінің тұтқындалуын "партиямыздың құрылымын жоюдың кезекті әрекеті" деп атады.

Өткен жылы қазанда парламент сайлауында премьер-министр Бидзина Иванишвилидің оппозициялық "Грузия арманы" партиясы жеңіске жеткен соң Саакашвилидің бірнеше жақтасы қамауға алынып, айып тағылған еді.

Иванишвили 24 маусымда күзде өтетін президент сайлауынан соң Михаил Саакашвилидің "тұтқындалуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын" мәлімдеген.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!