Бүгін хорват елі Еуроодақ құрамына кіруін тойламақ

Фотография - Бүгін хорват елі Еуроодақ құрамына кіруін тойламақ

Осы айтулы оқиғаға орай елде бүгін салтанатты шаралар өтпек.

129 0

Хорватия 1 шілдеден бастап ресми түрде Еуропалық одаққа кіреді. Осы айтулы оқиғаға орай елде бүгін салтанатты шаралар өтпек.

Оған одаққа мүше 27 мемлекеттік басшылары қатысады деп жоспарлануда. Загребтің орталық алаңында Еуроодақ президенті Херман Ван Ромпёй сөз сөйлемек. Іс-шаралар одақ белгілері орнатылған шекара бекеттерінен басталады. Хорватияның Словакия мен Венгрия елдерімен шектесетін аймақтарындағы кедендік бекеттер алынады. Мерекелік кеш от шашумен аяқталмақ. Айта кетейік, Хорватия Еуроодақ құрамына кіру туралы өтінішті 2003 жылы берген. Келіссөздер 2005 жылдан бастап жүргізілді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!