Түркияның Ыстамбұл қаласындағы халық толқуы басылар емес

Фотография - Түркияның Ыстамбұл қаласындағы халық толқуы басылар емес

Полиция тәртіп бұзған 20 адамды тұтқындады.

276 0

Тақсим аралындағы ереуілдер жалғасын табуда. Бұл жолғы наразылық шарасына 10 мыңға дейін тұрғын қатысты. Полиция тәртіп бұзған 20 адамды тұтқындады..

Алаңдағы жұрт биліктің оппозицияға қарсы қатаң шараларды қолданғанына наразы. Олар қауіпсіздік күштерінің күрдтер тұратын Диярбақыр провинциясындағы кешегі әрекетін айыптады. Айта кететіні, жергілікті полиция учаскесін бетонмен қоршауға қарсылық білдіргендер тәртіп сақшыларымен қақтығысып, нәтижесінде 1 адам қаза тапқан болатын. Ондаған адам жарақаттанған. Ереуілшілер құрылысшылардың жатын үйлерін өртеп жіберген. Измир, Адана мен Антальядағы халық толқулары тыныш өтуде. Анкарадағы наразы жұртты тарату үшін полиция су атқылады. Ондағы ереуілшілер Қызылай алаңында санкцияланбаған шеру өткізбекші болған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!