Хорватия ресми түрде Еуроодаққа енді

Фотография - Хорватия ресми түрде Еуроодаққа енді

Бүгін Хорватия ресми түрде Еуропалық одақтың 28-інші мүшесі болды

332 0

Бүгін Хорватия ресми түрде Еуропалық одақтың 28-інші мүшесі болды.

Елдің ЕО-ға енуі Еуропадағы қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келсе де, небәрі 20 жыл бұрын ғана тәуелсіздігін алған шағын мемлекет үшін бұл маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы РБК хабарлайды.

1 шілде күні таңертең Хорватияның өкілдері Еуроодақтың түрлі органдарында өздерінің міндеттерін орындауға кіріседі. Елде Еуропарламентке сайлау биылғы сәуір айында өткен болатын.

Еске сала кетейік, Хорватия ЕО-ға мүшелікке өтінімді 2003 жылы берді, 2004 жылдың ортасында мемлекетке үміткер мәртебесі берілді. 2006 жылы ел заңнамасы ЕО талаптарына сәйкестендірілді, бірақ Словениямен арадағы шиеленіске байланысты ЕО-ға ену кейінге қалдырылды. Елдің ЕО-ға қосылуы туралы Келісімге Загреб пен Брюссель 2011 жылдың 9 желтоқсанында қол қойды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!