АҚШ-та аптап ыстықтан туындаған өртте 19 құтқарушы қаза болды

Фотография - АҚШ-та аптап ыстықтан туындаған өртте 19 құтқарушы қаза болды

Американың Аризона штатының билігі Феникстің солтүстік-батысына қарай 120 шақырым жерде тұтанған алапат өртті ауыздықтау барысында 19 өрт сөндіруші опат болғанын хабарлауда

162 0

Американың Аризона штатының билігі Феникстің солтүстік-батысына қарай 120 шақырым жерде тұтанған алапат өртті ауыздықтау барысында 19 өрт сөндіруші опат болғанын хабарлауда.

Бұл туралы Би-Би-Си жазады.

Қаза тапқан құтқарушылар Ярнелл шағын қаласына қауіп төндірген жалынмен арпалысқан - жексенбі күні жоғалып кетті.

Өрт жұма күні тұтанып, жексенбіге қарай аптап ыстықтың, төмен ылғалдылық пен желдің салдарынан ірі аумаққа жайылып кетті.

Соңғы бірнеше күн бойы АҚШ-тың батыс штаттарында Жерде бақылау басталғаннан бері тіркелген температураның ең жоғарғы шегіне жеткен ыстық басылмай тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!