Путин мен Ердоған Сирия мәселесін талқылады

Фотография - Путин мен Ердоған Сирия мәселесін талқылады

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін талқылады

206 0

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында 2012 жылы Стамбулда жоғары деңгейдегі Ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысында жасалған келісімдерді іске асыру жайы талқыланды және кеңестің кезекті отырысын биылғы жылдың соңына дейін Ресейде өткізу келісілді. Екі тарап та көпжоспарлы Ресей-Түрік ынтымақтастығына, соның ішінде энергетика саласындағы жұмысқа жоғары бағаларын берді.

Бұған қоса, мемлекет басшылары Сириядағы қарулы шиеленісті талқылап, елдегі дағдарысты еңсеруге байланысты іс-шараларды үйлестіруге келісті. «Көшбасшылар аймақтағы жағдайға қатысты, нақтырақ айтсақ, Сириядағы және оның айналасындағы ахуалға байланысты өз пікірлерімен бөлісті», – дейді Кремльдің баспасөз қызметі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!